Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлерді ардақтау - ұрпақ парызы

Ардагерлерді ардақтау - ұрпақ парызы

«Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында қала тұрғыны, жалғызбасты қария Нағима Джуманазарованың шаңырағына барып, көмек көрсетті.

Жастар ардагердің ауласындағы қалың өскен шөптерді тазалап, үй айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар, Нағима апайдың жағдайын біліп, әңгіме - дүкен құрды.
Ізгі іске ризашылығын білдірген ардагер жастарға ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.

– Айтқандарыңның бәрі орындалып, әрқашан жолдарың ашық болсын! Жастарымыз аман болсын! Дегендеріңе жетіп, тілектерің қабыл болсын! Өмірлерің ұзақ болып, қиыншылық көрмей, жарқын өмір сүріңдер!, – деді.

Қарт ананың осы бір ауыз батасы - жастар үшін ең үлкен марапат. Өйткені үлкеннің алғысын алу - сауап, батасын алу - аманат.

Кейде үлкен өзгеріс жасау үшін үлкен нәрсе қажет емес. Бір аулаға тазалық, бір үйге көмек, бір қарияға көңіл бөлу - соның өзі үлкен ізгілік.
10 қыркүйек 2026 ж. 54 0