Кәсіпкер ҰОС ардагерінің батасын алды
Ұлы Отан соғысының ардагері, елге Жеңіс сыйлаған майдангер, ғасырға жуық ғұмыр кешіп, 104 жасқа толған Яхия Тасыров атаны 9 мамыр – Жеңіс күнімен арнайы құттықтап, құрмет көрсету мақсатында «Тайғара ата» құрылыс дүкенінің иесі, кәсіпкер Абай Тоқтар шаңырағына барды.
Кездесу барысында ардақты ардагерге ізгі тілектер айтылып, сый-сияпат табысталды. Майдан даласында ерлік көрсетіп, бейбіт өмірдің орнауына өлшеусіз үлес қосқан қарияға деген құрмет ерекше сезілді. Кәсіпкер Абай Тоқтар ақсақалдың хал-жағдайын сұрап, өнегелі өмір жолына ризашылығын білдіріп, ақ батасын алды.
– Дана халқымыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп бекер айтпаған. Баталы елдің бағы артып, мерейі үстем болады. Сіздей майдангер қарияларымыз – бүгінгі бейбіт өмірдің шынайы қаһармандары. Біз сіздердің ерліктеріңізді әрдайым мақтан тұтамыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Күш-қуатыңыз ортаймасын, ғұмырыңыз ұзақ болсын. Қазыналы қарияларымыз ортамызда аман жүре берсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, – деді кәсіпкер Абай Тоқтар.
Өз кезегінде Яхия Тасыров ата көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, елдің бірлігі мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді. Ардагердің өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала бермек.