Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда кене арқылы тарайтын жаңа вирус анықталды

Қытайда кене арқылы тарайтын жаңа вирус анықталды

Қытайлық ғалымдар тобы кене арқылы таралатын вирустың жаңа түрін – азиялық ұзын аяқты кененің найровирусын (ALTNV) анықтады. Зерттеу нәтижелері The New England Journal of Medicine журналында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ALTNV вирусы басқа бір ауруды – тромбоцитопениялық синдроммен жүретін жедел қызбаны (SFTS) зерттеу барысында анықталған.

SFTS диагнозы қойылған науқастарды зерттеу кезінде ғалымдар ауру қоздырғышы – Dabie bandavirus вирусын науқастардың 30%-ынан анықтай алмаған. Нәтижесінде SFTS белгілеріне ұқсас симптомдар туғызатын жаңа вирус белгілі болды.

Dabie bandavirus сияқты ALTNV де жұқтырған кененің шағуы арқылы таралады. Кене шаққаннан кейін адамда әлсіздік пайда болып, ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылады.

Dabie bandavirus-тан айырмашылығы, әзірге ALTNV жұқпасының өлімге әкелетіні анықталған жоқ. Алайда екі вирусты қатар жұқтырған 38 науқастың 7-еуі қайтыс болды.

Сурет: Report
10 қыркүйек 2026 ж. 84 0