Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тілге құрмет – елге құрмет

Тілге құрмет – елге құрмет

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аясында дөңгелек үстел форматында тағылымды жиын өтті. Ана тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілдің қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту және ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған басқосуға басқарма басшысы Құралай Омарова, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының алқа мүшесі Балтабай Ордабеков қатысты.

Жиын барысында мемле­кеттік тілдің ұлт өміріндегі ор­ны, ана тілді құрметтеу және оны күнделікті қызмет барысында кеңінен қолданудың маңыз­ды­лығы кеңінен сөз болды. Қатысушылар тіл – ұлттың рухани тірегі, халықтың тари­хы мен мәдениетін, бол­мысын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ба­ға жетпес құндылық еке­нін атап өтті.

Өз кезегінде басқарма басшысы Құралай Омарова тіл мәселесіне әр азамат жауапкершілікпен қарауы қажеттігін атап өтті.

– Мемлекеттік тіл – халқымыздың рухани тіре­гі, елдігіміздің бас­ты белгісі. Тілді құрметтеу – өз тарихымызды, мәде­ниетімізді және ұлт­тық болмысымызды құрметтеу деген сөз. Сон­дықтан әрбір азамат қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге өзінің күнделікті ісімен үлес қосуы қажет. Біз қызмет барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оның талапқа сай қолданылуына әрдайым басымдық береміз. Тілге жанашырлық – мере­келік күндермен ғана шектелмеуі керек. Ол – әр күнгі ісімізден, қарым-қатынасымыздан, қоғам алдындағы жауап­кершілігімізден көрінуі тиіс, – деді басқарма басшысы.

Жиынның мазмұнын ұлттық құн­дылықтарды дәріптеу бағыты да толықтыра түсті. Сала мамандары қазақтың ұлттық киімін киіп, оның мәні мен маңызын кеңінен насихаттады. Ұлттық киім – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымы мен эстетикалық талғамын танытатын рухани мұра. Сондықтан ана тілді құрметтеу мен ұлттық құндылықты ұлықтау – өзара сабақтас ұғым.

Басқосуда жыл көлемінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге белсенді атсалысып, тіл саясатын насихаттауға өзіндік үлес қосып жүрген сала мамандары Елдос Сәрсенбаев пен Жұлдызай Бисеноваға құрмет көрсетілді. Оларға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейіттің «Алғыс хаты» табысталды.

Мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету жолында атқарылған жұмыстарға берілген лайықты бағаға сала мамандары шынайы алғысын жеткізді. Ана тілдің абыройын асқақтату тек белгілі бір мекеме мен сала мамандарының ғана міндеті емес, барша қоғамға ортақ жауапкершілік екені жиында ерекше айтылды. Жиын соңында саланың майталманы Оралбай Сәрсенбай әріптестерін марапаты­мен құттықтап, тілек­тестік білдірді.


«Тт» ақпарат
08 қыркүйек 2026 ж. 61 0