Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Санитариялық талап – халық денсаулығының кепілі

Санитариялық талап – халық денсаулығының кепілі

Санитариялық заңнаманы бұзу фактілерін мерзімінде анықтау және тиісті шаралар қолдану Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын, оның ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарының алдын алуға, анықтауға, олардың жолын кесуге және жоюға бағытталған.
Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылысжайлар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнім, жабдық, көлік құралдары, топырақ, су, ауа және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске асырылуы адамның денсаулық жағдайына және мекендеу ортасына зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады. Объектілер (эпидемиялық мәні бар объектілер) екі топқа бөлінеді:

1 эпидемиялық мәні жоғары объектілер;
2 эпидемиялық мәні болмашы объектілер.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер:

- Санитариялық талаптарға сәйкестігіне тексеру;
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау;
- Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында  сатып алу жұмыстары;
- Тергеп-тексеру;
- Жоспардан тыс тексеру;

 2026 жылдың шілде айынан бастап

- Ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг;
- Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын нысандарға ереше бақылау және қадағалау жүргізіледі.

Сонымен қатар, өтініш, арыз, шағым, жоғары тұрған  ұйымдардан түскен шағымдар мен жаппай ауру фактілері бойынша тексерулер дереу (мүмкіндігінше қысқа мерзімде) ұйымдастырылады.

Осы бақылау және қадағалау тексеру барысында анықталған кемшіліктермен талаптарды бұзушылық кезінде қолданылатын шаралар:

Ұйғарым: Анықталған бұзушылықтарды жою үшін жауапты тұлғаларға немесе кәсіпкерлерге нақты орындау мерзімі көрсетілген міндетті нұсқамалар беріледі.

Әкімшілік жауапкершілік: Санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне (ӘҚБтК) сай айыппұл салынады.

Қылмыстық жауапкершілік: Санитариялық ережелерді бұзу адамдардың жаппай сырқаттануына, улануына немесе абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан жағдайда, Қылмыстық кодекстің 304-бабына сәйкес қатаң жаза қолданылады (ірі көлемдегі айыппұлдар немесе бас бостандығынан айыру).

 Сонымен қатар,  жедел ден қою шаралары қолданылады.  Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді:

1 бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, әрекеттерді) тоқтата тұруды;
2 бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, әрекеттерге) тыйым салуды;
3 техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуден алып қоюды және кері қайтарып алуды;
4 адамдарды жұмыстан уақытша шеттетуді;
5 адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыруды қамтиды.
Қ.ОМАРОВА,
Сырдария аудандық СЭББ басшысы
Фото: ашық дереккөз
27 тамыз 2026 ж. 69 0