Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйі

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: www.egov.kz (бұдан әрі – веб портал) арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы веб портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің жалпы мерзімі:
"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі он үш жұмыс күнін.
"Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі он жұмыс күнін құрайды.
Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсан қорытындысымен 9 мемлекеттік қызмет "Е - лицензиялау" веб порталы арқылы көрсетілді.
«Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» бойынша 6 қызмет көрсетілді. Оның ішінде: берілді -1, дәлелді бас тарту 1, қайта тіркеу 1, түзету 2 «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» берілгені-3, бас тартылғаны- 0.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Ғани Мұратбаев көшесі 103/2 үй. Байланыс телефоны: 8724-36-2-14-00.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден