Кассациялық соттарды құру қоғам талабы
Үшінші биліктің беделін биіктетіп, қызметін жетілдіру мақсатында 2024 жылдың 5 шілдесінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына үлкен өзгерістер енгізілді.Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, кассациялық сот 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында құрылып сот үш бағытта, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайуда.
Касацциялық соттардың тәжірибеге енгізілуімен кассациялық өтініштерді алдын ала қарау тәртібі жойылып, кассациялық сатыдағы істерді тараптарды шақыра отырып, ауызша сот процесінде істі талап ете келе, кемінде үш судья катысатын алқа құрамы қарайтын болады.
Кассациялық соттың құрылуы сот жүйесінің жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, бұрынғы апелляциялық және қадағалау рәсімдерінің жүктемесін жеңілдетті. Жаңа инстанцияның жасақталуы нәтижесінде сот актілерін қайта қараудың ашықтығы мен қолжетімділігі артты, ал құқықтық дауларды шешу сапасы жаңа деңгейге көтерілді.
Кассациялық сот институтының дамуы, біріншіден, сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге, екіншіден құқықтық дауларды шешуде әділдік пен бейтараптықты нығайтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған.
Қортындылай келе кассациялық сот төрелігінің ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етіп қоймай, елдің құқықтық жүйесінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп санаймын.
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
бас маман сот отырысының хатшысы,
Жұлдыз БАҒДАТҚЫЗЫ
Фото: Н.Нұржаубай









