Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кассациялық сот құрылды

Кассациялық сот құрылды

Елімізде сот жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар жүріп жатыр. Осы реформалар аясында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап дербес кассациялық сотттар жұмысын бастады.

Бұл реформаның негізгі мақсаты - әрбір сот сатысының тиімділігін арттыру. Себебі сот төрелегін жүзеге асырудың сапасы мен азаматтардың соттарға деген сенім деңгейі сот сатыларының тиімді жұмыс істеуіне байланысты.

Касацциялық соттардың тәжірибеге енгізілуімен кассациялық өтініштерді алдын ала қарау тәртібі жойылып, кассациялық сатыдағы істерді тараптарды шақыра отырып, ауызша сот процесінде істі талап ете келе, кемінде үш судья катысатын алқа құрамы қарайтын болады.

Кассациялық соттың құрылуы сот жүйесінің жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, бұрынғы апелляциялық және қадағалау рәсімдерінің жүктемесін жеңілдетті. Жаңа инстанцияның жасақталуы нәтижесінде сот актілерін қайта қараудың ашықтығы мен қолжетімділігі артты, ал құқықтық дауларды шешу сапасы жаңа деңгейге көтерілді.

Кассациялық соттар негізінен сот шешімдерінің сапасын жақсартуға, заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуына ықпал етеді.

Қортындылай келе кассациялық сот төрелігінің ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етіп қоймай, елдің құқықтық жүйесінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп санаймын.

Сырғабаева Жұлдыз Бағдатқызы
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
 бас маман сот отырысының хатшысы
21 қаңтар 2026 ж. 270 0