Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Құрылыс саласы аудан экономикасына серпін берді

Құрылыс саласы аудан экономикасына серпін берді

Ел экономикасын ілгерілетуде маңызды сала ауыл шаруашылығымен қатар құрылыс және кәсіпкерлік секторының маңызы зор. Бұл саланың бірі ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі саналса, құрылыстың да үлесі жоғары. Жыл сайын аудан көлемінде ірі құрылыс нысандары бой көтеріп, оның ішінде әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілуде. Өңіріміз үшін маңызды саланың тыныс тіршілігі құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында сараланып, атқарылған жұмыстың нәтижесі оң бағасын алуда.

Бүгінде бір салаға біріккен ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім ретінде 2002 жылдан бері құрылып, бөлім басшысы мен мамандары мемлекеттік қызметтің тізгінін қолға алған. Бөлімдегі үш мемлекеттік қызметкер және тоғыз штаттан тыс қызметкер бюджеттен бөлінген қаржының игерілуіне жұмыс атқаруда.


Бөлім басшысы Ғафур Тұрлыбеков өткен жылы атқарған жұмыс жайлы тарқатып айтып берді.

– Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2025 жылы жалпы құны 672,4 млн теңге болатын 2 жобаға барлық бюджет көздерінен 424,1 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда жоба құны 485,9 млн теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмысы. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылы құрылыс жұмысын бастауға Ұлттық қордан 57,3 млн теңге қаржы бөлініп, игерілсе, 2025 жылға құрылыс жұмысы жалғасты. Ұлттық қордан 279,9 млн теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі болып танылды, – деді бөлім басшысы.

Бөлім басшысының айтуынша, 2026 жылға қалған 137,2 млн теңге қаржысы бөлген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдау үшін орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi, объектіні қарап-тексеру және тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға дайындығына түпкілікті тексеру жұмысы жүргізілуде. Биылғы жылдың қыркүйек айында нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Осы күні Қалжан ахун ауылына жобаға сәйкес 3 дана КТПН, 7 км-ВЛ-10кВ, 7,1 км-ВЛИ-0,4 кВ электр желісі және көше жарықшамдары орнатылған. Бұл ауқымды жобаны мердігер мекеме «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, техникалық кадағалаушы- «Ақтаустройэксперт» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Start Project» ЖШС атқарған. Тұтас бір ауылдың электр желісін ауыстыру арқылы елді мекеннің электрмен жабдықтау мәселесі түпкілікті шешілетін болады.

Құрылыс саласы бойынша өткен жылы Н.Ілиясов ауылдық округіндегі ЖТҮ-лерге инженерлік-ком­муникациялық инфрақұрылымдар құрылысы, яғни электрмен жабдықтау, су жүйесі жұмыстары басталған. Жалпы жоба құны – 186,5 млн теңге құрайды. 2025 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен – 144,2 млн теңге бөлініп, игерілген. Құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтіп, қалған 33,8 млн теңге қаржы бөлінген.

– Қазіргі таңда Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат хабарлама алуға қатысты тиісті хабарлама берілді. Жобаға сәйкес 3 дана КТПН, 9,0 км-ВЛ-10кВ электр желісі және 3 шақырым ауызсу желісі жүргізілді. Бұл жобаны мердігер мекеме «Бақ-Береке 2023» ЖШС, техникалық кадағалаушы «Экспертизочка» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Мекен және Компания» толық серіктестігі атқарды, – дейді Ғ.Тұрлыбеков.

Бюджет есебінен атқарылған жұмыстың қатарында осы жылға А.Тоқмағанбетов және С.Сейфуллин елді мекендерінің электр желілерін жаңарту бар. Осы және Бесарық елді мекеніне жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысына 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда аталған жобалардың құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта ауданның бірнеше елді мекенінде электр желісі жаңартылып, газбен қамту одан әрі жалғасатын болады.

Аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамту жыл са­йын қарқынды жүргізілуде. Ең алдымен кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту ескерілген. Ол үшін Тереңөзек кентінен Коммуналдық тұрғын үй қорынан жапсарлас салынған 50 тұрғын үй – 100 пәтер сатып алуға 1,5 млрд теңге қаржы бөлінгенін айту керек. Биылғы жылдың соңына дейін жапсарлас салынған 50 тұрғын үй – 100 пәтер сатып алынып, пайдалануға берілмек.

Бибісара ЖАНӘЛІ
08 тамыз 2026 ж. 80 0