Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы таныстырылды

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы таныстырылды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында жаңадан тағайындалған аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы таныстырылды.

Сырдария ауданы әкімінің өкімімен Тұрлыбеков Ғафур Абдуллаұлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғафур Абдуллаұлы 1991 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының сараптамалау бөлімінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында статисті, «Арал-Сода» серіктестігінде өкілдік басшысы, «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамында жетекші маманы, аймақтық менеджер қызметтерін атқарған.

2025 жылдан осы уақытқа дейін «Сабыр Строй» серіктестігінің директоры қызметін атқарып келді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 мамыр 2026 ж. 47 0