Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауданға қарасты Асқар Тоқмағанбетов және Сәкен Сейфуллин ауылдарындағы білім беру ұйымдарына барып, 2026–2027 оқу жылының дайындық жұмыстарымен танысты. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын қарап, жаңа оқу жылын талапқа сай ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады.Жұмыс барысында аудан басшысы мектептердің оқу кабинеттерін, асханасын, спорт залын, шағын орталықтарын және өзге де нысандарын аралап көрді. Сондай-ақ оқушыларды жаңа оқу жылында қабылдауға барлық жағдайдың жасалуы, санитарлық талаптардың сақталуы және білім беру процесінің кедергісіз ұйымдастырылуы басты назарда болуы қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, мектептердің жылу қазандықтарының жай-күйімен танысып, алдағы жылыту маусымына дайындықты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының қалыпты жұмысын ұйымдастыру және барлық дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










