Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АТАДАН ДАРЫҒАН ҚАСИЕТ

АТАДАН ДАРЫҒАН ҚАСИЕТ


Ауылдағы ағайын ежелден айналысып келе жатқан мал шаруашылығы бү­гінгі таңда жанданып келеді. Күн сайын мал азығын даярлап, қиындығы мен қияметі көп жұмысты тындырып, кәсіп көзіне айналдырғалы көп болды. Н.Ілиясов ауылының тұрғыны Арысбек Байназаров «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚО ЖШС арқылы 3 млн. теңге қаржы алып, дәл осы күні ет-сүт өнімі бағытында ірі қара малдарын бағып, ұстауда. Қорасында биесі мен сауын сиырын баптап отыр.
Сонымен қатар, ет бағытында ірі қараны байлап, бордақылап, сатылымға шығарады. Алғаш бі­рер малдың арқасында күнкөріс қамымен кәсібін бас­таған ол кейін мал басын көбейтіп, шаруасын түзеп келеді.
Ата кәсіпті меңгерген Арысбектің әкесі Жұманияз ақсақал да бақташылықпен айналысқан. Өздері көп ағайынды. Ағасы Сапарбек те ес білгелі ата кәсіпті алға сүйреуге табанды еңбек етіп келеді. Алдағы уақытта Арысбек ет-сүт өнімдерін молайтуға ниетті. Күн сайын ауыл тұрғындары сүт өнімдеріне сұраныс көлемін арттыруда. Бұл дегеніміз келешек отбасылық кәсіптің аяққа тұруына бірден-бір себепші екені анық. Біз барғанымызда Арысбектың әйелі Ақгүл биесін сауып болып, саумал ішуге келгендерге таратып жатыр екен. Бұл күнделікті үйреншікті жағдай. Екі-үш сағат сайын сауылатын саумалды ішуге кейбір тұрғындар кезекке тұрып, сол жерде бірден ішсе, енді біреулері үйлеріне алып кетуге дағдыланған. Ерлі-зайыптылардың перзенттері қазіргі таңда қолғабыс етуге жараған. Үлкені студент, кейінгілері мектеп қабырғасында.
Өз кезегінде жеке кәсіпкер Арысбек Жұма­ниязұлы аталмыш несиені алған мезетте дұрыс бағыт ұсынған кәсіпкерлік палатасы мен сала мамандарына алғысын айтты. Себебі, он жылға жуық отбасында жұмыссыз болған азамат, кәсібін аш­қан бойда еңсесін тіктей бастады. Ендігі жерде шағын кәсібін үлкейтуге бар күш-жігерін салып, алға қойған мақсатқа жетуге талпына бермек. Оған себеп, атадан дарыған қасиетті адал кәсіппен ұштастыру.

Б.ОРДАБЕКОВ
18 шілде 2018 ж. 1 117 0