Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Гендерлік саясат - әйелдердің теңдігі»

«Гендерлік саясат - әйелдердің теңдігі»

Бүгінгі таңдағы жиі көтерілетін тақырыптың бірі гендерлік теңдік.

Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдердің жиынтығы. «GENDER» - сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек,әйел) дегенді білдіреді. Ал, гендерлік саясат –қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Яғни қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Бұл тақырып біздің мемлекетке қана тән мәселе емес. Әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған. Өнеркәсібі дамыған және әлеуметтік бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкіндіктерінің ерлермен тең болуына іс жүзінде қол жеткізді.

Гендерлік саясат - әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы өздерінің құқығын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін білдіреді. Ал әйелдердің қоғамдық жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де айналысып жүргендігі жасырын емес. Осы тұрғыда қазақ халқының:«Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген әдемі даналық сөзі еріксіз ойға келеді.

Мемлекет отбасын нығайтумен қатар ұлттық салт- дәстүрлерді сақтауға және қалыптастыруға ерекше назар аударуда. Сондай-ақ әйелдің қоғамдағы рөлін арттыру да бүгінгі күннің өзекті мәселесі десек, осы мақсатта Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы бекітіліп, гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттарын - ерлер мен әйелдердiң билiк құрылымдарына теңгерiмдi қатысуына қол жеткiзудi, әйелдердiң экономикалық тәуелсiздiгi, өз бизнесiн дамытуы мен мансап жолында iлгерiлеуi үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етудi, отбасындағы құқықтар мен мiндеттердiң тең жүзеге асырылуы үшiн жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болуды айқындады.

Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

Дархан АРЫСТАНБЕКҰЛЫ,
Сырдария аудандық сотының жетекші маманы
Фото: ашық дереккөз
25 маусым 2026 ж. 53 0