Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдердің теңдігі – әлемдік үрдіс

Әйелдердің теңдігі – әлемдік үрдіс

Бүгінгі таңдағы ­жиі көте­рілетін тақырыптың бірі – гендерлік теңдік, яғни қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Бұл тақырып – біздің мемлекетке ғана тән мәселе емес.

Әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Бірік­кен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық деклара­циясында ерлер мен әйелдердің теңдігін кө­­тер­мелеу, әйелдердің құқықтары мен мүм­кін­дік­терін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде ай­­қындалған. Өнеркәсібі дамыған және әлеу­меттік бағдар алған елдерде әйелдер өз құқық­тары мен мүмкіндіктерінің ерлермен тең болуы­­на іс жүзінде қол жеткізді.

Қазақстан БҰҰ-ның және басқа да ұлт­ара­лық ұйымдардың әйел құқығы туралы аса маңызды Конвенциялары мен Декларация­­ла­рына қосылып, әйел адамның саяси құ­қық­тарын іске асыру саласында жағдайды жақсар­туға, гендерлік кемсітуге жол бермеуге өз үлесін қосты. Сондай-ақ Қазақстан Ұлт­аралық еңбек ұйымының әйел және балалар құ­қығына қатысты бірнеше актілеріне қол қойған.

Гендерлік саясат әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы өздерінің құ­қығын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін біл­діреді. Ал әйелдердің қоғамдық жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті дең­гейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де ай­налысып жүргендігі жасырын емес. Осы тұрғыда қазақ халқының «Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тер­бетеді» деген әдемі даналық сөзі еріксіз ойға келеді.

Біздің халқымыз ер азаматты шаңырақ иесі десе, әйел ананы отбасының алтын қазығы деп бағалайды. «Халық айтса­ қалып айтпайды» дегендей, ерлі-зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір керемет теңеу өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болуы керек. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, Мемлекет басшысының қолдауымен осы ген­дерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері жә­не демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді.

Мемлекет отбасын нығайтумен қатар ұлт­тық салт-дәстүрлерді сақтауға және қайта жаңғыртуға ерекше назар аударуда. Сондай-ақ әйелдің қоғамдағы рөлін арттыру да бүгінгі күннің өзекті мәселесі десек, осы мақсатта Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілген. Гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттары ерлер мен әйелдердiң би­лiк құрылымдарына теңгерiмдi қатысуына қол жеткiзудi, әйелдердiң экономикалық тә­уелсiздiгi, өз бизнесiн дамытуы мен мансап жолында iлгерiлеуi үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етудi, отбасындағы құқықтар мен мiндеттердiң тең жүзеге асырылуы үшiн жағ­дайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зор­лық-зомбылықтан толық азат болуды айқындады.

Қазақстан Республикасында Гендерлік тең­дік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ер­лердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жы­нысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.
Г.Пірімбет,
аудандық соттың бас маман –
сот отырысының хатшысы





25 сәуір 2023 ж. 223 0