Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақшыларына айрықша ілтипат

Денсаулық сақшыларына айрықша ілтипат

Мерекелік іс-шарада аудан басшысы денсаулық сақтау саласына жасалып жатқан қолдауларға тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық денсаулығы – ел дамуының басты кепілі екенін үнемі атап келеді. Осы бағытта Сыр өңірінде де денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде Мемлекет бас­шы­сының қолдауымен, аймақ бас­шысы тапсырмасымен Сыр өңірінде медициналық қызметке қол­жетімділік артуда, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруде кешенді жұмыстар жүргізілуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің барлық ауданында 10 млрд 763 млн теңгеге 28 медициналық нысан салынды. Соның бірі ауданымызда жүзеге асырылып, Н.Ілиясов ауылында дәрі­герлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңадан Қан орталығы салынып, халыққа қызмет көрсетуде. Облыс көлемінде 24 медициналық нысан 6 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, 15 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Аймақ бас­шысының қолдауымен облыс бойынша 225 дана санитарлық және жедел жәрдем автокөліктері табысталды. Ауданда да медицина саласын дамытуға үлкен қолдау көр­сетілуде. Заманауи меди­ци­на бағытында аудандық ауру­хана­ға КТ аппараты орнатылып, халыққа қызмет етуде. Цифр­лы маммограф, портативті УЗИ аппа­­раты, жылжымалы рентген аппараты алынып, диагностика деңгейі жаңа сатыға көтерілді. Аудандық аурухана жанынан об­лыстық деңгейде науқастарды қабыл­дайтын «Паллиативтік кө­мек» және «Медициналық оңалту» бөлімшесі пайдалануға берілді. Жыл көлемінде аудандық аурухана мен емхана за­манауи технологиямен кезең-кезең бойынша жаңғыртылуда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кәсіби мерекеде аудан әкімі ауданның денсаулық сақтау саласы­на қызмет етіп жүрген бірқатар ақ халат­ты абзал жанды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақ­тау ісіне қосқан үлесі үшін» төс­белгісімен, «Құрмет громатасымен», облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Ал бірқатар сала маманы облыстық денсаулық сақтау басқармасының, «СЕНІМ» денсаулық сақтау жү­йе­сі жұмыскерінің салалық кәсіп­одағының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатына» ие болды. Медицина саласының қызмет­керлері мен Сыр өңіріне танымал көркем­өнерпаздары концерттік бағ­­дарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Тт» ақпарат
20 маусым 2026 ж. 77 0