Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су жеткізу қызметінің тарифі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Су жеткізу қызметінің тарифі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен су жеткізіп беру қызметі тарифінің өсу себептерін түсіндіру мәселесіне арналған мәжіліс өтті. Жиынға сала мамандары және аудандағы шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Аудан басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында аграрлық секторды дамытуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып келе жатқаны атап өтті.
– Су мәселесі – ауданымыз үшін аса маңызды әрі өзекті тақырыптардың бірі. Бүгінгі таңда су тапшылығы жағдайында әрбір тамшы суды тиімді пайдалануымыз қажет. Су жеткізіп беру қызметінің тарифіне қатысты тұрғындар мен шаруашылық құрылымдары арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу керек. Ең бастысы – диқандарды вегетациялық кезеңде қажетті сумен қамтамасыз ету және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесуде су шаруашылығы саласындағы су тарифтерін қалыптастыру тетіктері, тарифтердің өзгеру себептері, ирригациялық жүйелерді жаңғырту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу бағытындағы жұмыстар жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары өкілдері тарапынан су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Жиын қорытындысында аудан басшысы су ресурстарын тиімді басқару, ауыл шаруашылығы құрылымдарын тұрақты сумен қамтамасыз ету және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 маусым 2026 ж. 284 0