Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамақтан улану жағдайын алдын алу

Тамақтан улану жағдайын алдын алу

Тамақтан улану – сапасыз және бұзылған тағамдарды қолдану салдарынан болатын ауыр жағдай.

Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет:

– өнімдерді қабылдау, сақтау шикізаттың түрлеріне қарай, ас әзірлеу түрлі цехтарымен, ыдыс жуу, персоналға арналған бөлме, санитариялық торап, қосалқы бөлмелер қарастырылады

– қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясы қабылдау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде олардың қадағалануын және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бірге жүреді. Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары, соңғы жарамдылық мерзімі көрсетіледі

– азық-түлік (тамақ) шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөнiстер, аскөк, ет, сүт өнімдерін, нан және нан-тоқаш бұйымдары, аспаздық, ұннан жасалған аспаздық, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес, әріпті және (немесе) түрлі-түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар мақсаты бойынша пайдаланады. Бөлшектеу тақтайшалары мен пышақтарды олармен өңделетiн өнiмдерге сәйкес таңбалайды және қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланады

– барлық тамақтану объектісінде, меншіктік нысанына қарамастан өндірістік бақылау ұйымдастырылады, яғни ХАССП (қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері) қағидатына негізделген рәсімдерді әзірлейді, енгізеді

– жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялау оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырады

–персоналға арналған жеке және арнайы киімдер мен аяқ киім, бөлек сақталатын киім ілетін орын, екі жаппалы бір шкаф, тамақ қабылдау үшін үй-жай (орын) көзделеді. Арнайы киімдерді жуу, дезинфекциялауды жүргізу және ұйымдастыру орталықтандырылып жүзеге асырылады

– медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасы жұмыс орнында сақталады.
20 мамыр 2026 ж. 67 0