Тағамнан уланудың алдын- алу жолдары туралы брифинг өтті
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы базасының жетекші маманы Жанар Бисенбай тағамнан уланудың алдын алу жөнінде баяндама оқыды.–Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Қазіргі уақытта адам кез-келген жерден улануы мүмкін. Атап айтқанда, белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып, тағамнан улануы мүмкін. Осы қиындықтарға тап болмас үшін келесі негізгі ережелерді сақтау қажет: азық-түліктің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтау; үйде дайындалған тағамдарды сатып алмаңыз, белгіленбеген жерлерде сатылатын дайын тағамдарды пайдаланбау; кілегей немесе майонез қосылған дайын тағамдарды, салаттарды бір тәуліктен артық сақтауға болмайды; торттар мен пирожныйлар тоңазытқышта 3 күннен артық сақталмайды; үйде мерекелік тағамдарды дайындаған кезде, ең алдымен, гигиена ережелерін сақтау, бөлменің тазалығын қадағалау;тамақ дайындау кезінде қолды жиі жуу: азық-түліктің дұрыс сақталуына назар аудару, азық-түлік өнімдерін кесу кезінде шикі және дайын өнімдер үшін бірдей кесу құралдарын (пышақтар, тақталар) пайдаланбау.Тез бұзылатын тағамдарды тек қана тоңазытқышта сақтау.
Азық-түлік шикізатын, жартылай фабрикаттарды және дайын тамақ өнімдерін бір тоңазытқыш жабдықта бірге сақтаған жағдайда өнімнің тауарлық көршілестігін сақтау. Бұл ретте дайын тамақ өнімдерін сақтау жоғарғы сөрелерде, салқындатылған етте, құс етінде, балықта, көкөністерден жасалған жартылай фабрикаттарды - төменгі сөрелерде сақтау.
Өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарап, тамақтан уланудың алдын алудың қарапайым шараларын сақтауға кеңес береміз,– деп өз сөзін қорытындылады.
Қазіргі таңда жоғарыда айтылып өткендей оңай жасалатан тағамдар жиі сатылымда. Қоспалары да пайдалы емес. Соған қарамастан жастардың көбі жиі тұтынады. Денсаулыққа кері әсер беретін тағамдардан адам баласы тез уланып жатады.
Фото: ашық дереккөз









