Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтіп, жиында аудан әкімінің орынбасары таныстырылды. Сырдария ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы тағайындалды.

Нұржан Ешниязов 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, «Тұран-Астана» университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша және Еуразия гуманитарлық институтын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Қызылорда облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас инженері болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты «Ақпараттық технологиялар орталығының» эксперті, бөлім басшысы, Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы цифрландыру бөлімінің бас маманы, Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2024 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарып келді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 мамыр 2026 ж. 46 0