Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Макроэкономикалық көрсеткіштер мен оқу жылының аяқталуы мәселелері қаралды

Макроэкономикалық көрсеткіштер мен оқу жылының аяқталуы мәселелері қаралды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы, қоғамдық қауіпсіздік, оқу жылын қорытындылау және облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы қаралды.

Мәжіліс барысында облыс әкімінің авиация саласын дамыту және цифрландыру бағытында берген тапсырмалары жан-жақты пысықталып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, заманауи цифрлық жүйелерді енгізу және инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Жиында алдағы жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту, балалар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттігі айтылды.

– Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Жаз мезгілінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, барлық жауапты мекемелер үйлесімді жұмыс жүргізуі қажет, – деді аудан басшысы.

Мәжіліс қорытындысында барлық жауапты мекемелерге берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жүктеліп, атқарылатын жұмыстар тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 мамыр 2026 ж. 40 0