Жаңа конституция талаптарын ауданда жүзеге асыру бағыттары талқыланды
Мәжілісте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы нормаларын ауданда іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша нақты міндеттер талқыланды.
–Мемлекет басшысы айқындап берген Әділетті, Қуатты әрі Таза Қазақстан құру бағытындағы бастамаларды аудан тұрғындары толық қолдап, референдумға жоғары деңгейдегі ұйымшылдықпен қатысты. Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап өз күшіне енеді. Президенттің бастамасына сәйкес Конституция күні алдағы уақытта жыл сайын 15 наурызда ұлттық деңгейде атап өтілетін болады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы қол қойған Жарлыққа сай Конституция нормаларын тиімді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды халық арасында кеңінен түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру – басты міндеттердің бірі болмақ, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Жиында аудан әкімі жаңғыру кезеңіндегі референдумға белсенді қатысқан барша Сырдариялықтарға облыс әкімінің алғысын жеткізді.
Мәжіліс қорытындысымен күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











