Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономика салаларын цифрландыру бағыты қаралды

Экономика салаларын цифрландыру бағыты қаралды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды.

Мәжіліс барысында аудан әкімі ауданда цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Цифрландыру – экономиканың барлық саласының тиімділігін арттыратын негізгі құрал. Сондықтан біз әрбір мекемеде цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтеруіміз қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мәжілісте аудан әкімі барлық бөлімдер мен мекемелерге қызмет сапасын арттыру мен ашықтықты қамтамасыз етуде цифрлық жүйелерді жетілдіруді тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 сәуір 2026 ж. 36 0