Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту мәселесіне қатысты мәжіліс өтті

Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту мәселесіне қатысты мәжіліс өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында тұрғын үй құрылысын дамыту және саланы цифрландыру мәселесі қаралды. Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды аудан көлемінде сапалы әрі мерзімінде орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

– Мемлекет басшысының, Үкімет басшысының және облыс әкімінің қолдауымен ауданда тұрғын үй құрылысы жүйелі түрде жүргізілуде. Өткен жылы аудан бойынша 27,7 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 28,5 млрд. теңгені құрап, 102 пайызға жетті. Соңғы 3 жылда 2,8 млрд. теңгеге әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін 112 тұрғын үй сатып алынып, пайдалануға берілді. Тұрғын үй мәселесі – халық үшін ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, құрылыс қарқынын төмендетпеуіміз қажет,– деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиын қорытындысы бойынша күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 наурыз 2026 ж. 131 0