Тәуелсіз ел болу дегеніміз – өз тағдырыңның жауапкершілігін түгелімен өз мойныңа алу деген сөз
Қадірлі жиынға қатысушылар!
Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 35 жылдан асып бара жатыр. Осы жылдары еліміз бүкіл дүние жүзіне танылып, әлемдік қауымдастықта өз орнын ойып алды. Әрине, жаңа мемлекет құру, оның іші-сыртын бүтіндеу оңай шаруа емес екенін барлығымыз жақсы білеміз. Өйткені, Тәуелсіз ел болу дегеніміз – өз тағдырыңның жауапкершілігін түгелімен өз мойныңа алу деген сөз. Сол себепті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем дамуының бүгінгі және болашақтағы тамыр соғысын анықтап, елімізде Конституциялық реформаны жасай отырып, саяси жүйені жетілдіруді батыл қолға алды. Саяси жүйені жетілдіру баршамызды жаңаша ойлауға, жаңаша әрекет етуге, елімізді дамыту үшін жаңаша көзқарас қажеттілігін ұғындырып отыр. Президентіміз қазақстандық қоғамды «Адалдық пен әділдік», «Заң мен тәртіп» үстемдік етер жолға салып берді. Біз ендігі арада қоғамда және әрқайсысымыздың санамызда осы «Адалдық пен әділдік» және «Заң мен тәртіп» қағидатының берік орнығуының аса маңызды екендігін ұғына түскеніміз абзал.
Айта кетуіміз керек, соңғы төрт жылдың ішінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне ресми сапармен 3 рет келіп кетті. Әрбір ресми сапары Мемлекет басшысының Сыр халқына деген құрметі, осы өңірдің дамуын үнемі назарында ұстап, қолдау көрсетуі деп білеміз. Өзіңіз де құрметті Олжас Абайұлы, облысқа бірнеше рет келіп, үнемі қолдау жасаудасыз.
Айта кетуіміз керек, Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында әлеуметтік салаға ерекше мән береді. Президенттің тікелей тапсырмасымен соңғы төрт жылда Қызылорда облысында 200-ге жуық әлеуметтік нысан іске қосылды. 43 мектеп, балаларға арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық- инновациялық орталық, «Құзыреттілік орталығы», 300 орындық балалар тынығу лагері салынды. Денсаулық сақтау саласында 41 медициналық нысан салынса, көпбейінді аурухана, 400, 500 келушіге арналған емхана, перинаталдық орталықтың құрылысы қарқынды жүруде. Сонымен қатар 24 спорттық нысаны, оның ішінде, 11000 орындық жаңа стадион, инклюзивті спорт орталығы пайдалануға берілді. «Қызылорда Арена» спорт кешені салынуда. Мәдениет саласында 22 нысан ел игілігіне іске қосылды. Барлық ауданда «Руханият», қалада «Анаға тағзым», «Өнер» орталықтары салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен заманауи кітапхана мен драма театр құрылысы басталды.
Осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды Ол кезде облыстың бюджеті небәрі 346 млрд болса, бүгінгі күні 851 млрд қа жетті.
Құрметті
Нұрлыбек Машбекұлы!
Президентіміздің қойған талабы бойынша әкімдердің бойында табиғи ұйымдастырушылық қасиет, кез келген мәселені оң шешудегі тапқырлық, ойға алған мақсатын орындамай қоймайтын табандылық, тәуекелшілдік пен темірдей тәртіп, жаңашылдық пен қарапайымдылық, ең бастысы, халықшылдық пен мемлекетшілдік қасиет болу қажет. Осы қасиеттер сіздің бойыңыздан табылады.
Тәуелсіздік жылдары осы облысты сізге дейін тоғыз әкім басқарған екен. Сіз оныншы болдыңыз, барлық жасаған жұмысыңыздың нәтижесі үнемі ондыққа тиіп жатты. Мемлекет басшысы өзіңіздің өңірлік тәжірибеңізді жоғары бағалап, Үкімет басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындады. Бұл үлкен сенім, осы өңірде алған мол тәжірибеңіз сізге көп көмек болатыны сөзсіз. Жаңа қызметіңізге тек табыс, сәттілік тілейміз! Жаңа әкім Мұрат Нәлқожаұлы, Мемлекет басшысының және халықтың сенімінен шыға беріңіз дейміз.
Мұрат Бақтиярұлы,
саяси ғылымдар докторы,
мемлекет және қоғам қайраткері











