Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сенат Төрағасы: Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі

Сенат Төрағасы: Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі

Бүгін Сенатта конституциялық реформа, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысын өткізді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың жуырда өткен отырысында ауқымды конституциялық реформалар туралы айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталатынын жеткізді. Бұл саяси жүйемізге тек түзетулер мен толықтырулар енгізу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл әлемдегі қазіргі сын-қатерлерге бейімделу арқылы түбегейлі жаңғыруға қадам басу екені анық. Сондықтан, осындай маңызды сәтте бірлігімізді бекемдеп, Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістерді жүзеге асыруда жұдырықтай жұмылу айрықша мәнге ие», – деді Мәулен Әшімбаев.
30 қаңтар 2026 ж. 501 0