Еліміз саяси өзгерістер кезеңіне нық қадам басты
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше бірқатар маңызды кадрлық өзгерістер жасады. Соңғы тағайындауларды қоғам жылы қабылдап, оң бағасын беруде. Мемлекет басшысы «Мен жастарға сенемін» деген ұлттық ұранды іс жүзінде көрсетіп келеді. Елдің дамуына үлес қосамын дейтін жастарға мүмкін беріп отыр. Бұл шын мәнісінде әрбір саналы азаматтың кеудесіне үміт ұялатады.
Салмақты саясаткер ретінде Мемлекет басшысы саяси реформаларды бастап, рет-ретімен жүргізіп отыр. Үкіметте бұрыннан қалыптасып қалған жүйеге жаңалық енгізіп, кадрлық саясатты оңтайландыру арқылы мемлекетшілдік дәстүрді күйшетуде. Бір күнде жүйені өзгерту қиратумен пара-пар екені бесенеден белгілі. Сондықтан «Жаңа Қазақстан» дейтін жаңа кезеңді бастау үшін адам факторын, яки кадрлық мәселені шешіп алу керек болды.
Осы себептен 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Президенттік кадрлық жастар резерві» жобасын бастап, білікті әрі білімді жастардың мемлекеттік қызметке араласуына жол ашты. Болашақ – сөзсіз жастарда!

Жастарға жаңаша жағдай жасау үшін саяси реформалар өте қажет. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді түбегейлі шешу үшін де реформалар қажет. Міне, былтыр Жалпыұлттық референдумнан бастау алған саяси өзгерістер бүгін де жалғасын тауып отыр. Салыстырмалы түрде қарасақ, алыс-жақын елдерде мұндай қарқынмен өзгерістер болып жатқан жоқ. Бұны ашық айтуымыз керек!
Жыл басында Президентіміздің Конституциялық Сотқа барып, мүшелерімен кездесу өткізуі бекер емес. Ата заңның үстемдігі болмай, Әділдік орнамайды, Ел дамымайды. Ал Әділдік орнаған жерде сенім де, үміт те болады. Жастар болашаққа сеніммен қарайтын болады. Сондықтан Мемлекет басшысының ұстанған саясатын қолдауымыз қажет. Ынтымақ пен бірліктен асатын күш жоқ. Бір болайық, ірі болайық, ағайын!
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ