Еңбек қауіпсіздігі мен туризмді дамыту мәселелері қаралды

– Мекемелерде, еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістерді
болдырмау бағытында дер кезінде тиісті шаралар қабылдануы тиіс. Жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуына жол
берілмеуі керек. Бұл қатаң бақылауда болуы қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудан аумағында жұмыс жасайтын ұйымдарда қызметкерлерді негізсіз қысқартулар мен жалақыға қарыздарын болдырмау мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша еңбек қарым-қатынастары мәселелері тұрақты бақылауда және әлеуметтік-еңбек заңнамасын бұзу фактілері орын алмаған.
Сондай-ақ, аудан басшысы туризмді дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді.
Ауданда «Керуен» және «Нұрлы жол» сервистік кешендері туристтік нысан ретінде жұмыс жасауда. Туристер аталған нысандардың қызметін пайдалануда. Бұдан бөлек, тарихи-мәдени ескерткіштерге де меймандар көп келеді. Осыған байланысты аудан әкімі қолайлы жағдайлар жасау керектігін атап, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі