Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » CҮБЕЛІ СӨЗДІҢ МАРЖАНЫН ТЕРГЕН

CҮБЕЛІ СӨЗДІҢ МАРЖАНЫН ТЕРГЕН


Биыл №132 Т.Айт­баев атындағы ор­та мектептің 8-сыныбын бітір­ген Назерке Ғаб­дуллаева озат оқушы. Ол үздік оқумен қа­тар қоғамдық жұ­мыстарға бел­се­не қатысады. Ауыл­дық мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесінен қосымша
дә­ріс алады.
Көркемсөз оқудың шебері атанған Назеркенің әкесі Темірхан Шаханов шаруашылықтың озат механизаторы. Ал анасы Жадыра Құрақбаева ауылдық мәдениет үйінде әдіскер болып еңбек етеді.
– Осы жиен немеремнің талабы таудай. Көркемсөз оқудан аудандық, облыстық байқауларда топ жарып жүр. Жыр жазуға да әуестігі бар. Келешекте өнерлі жан болып қалыптасады деген үмітіміз зор, – дейді нағашы атасы Махатай Құрақбаев.
Болашағынан мол үміт күттіретін Назерке Ғабдуллаева Астананың 20 жылдығына ар­налған «Нұр Астана» облыстық байқауында бірінші орынды жеңіп алса, республикалық байқауда үшінші тұғырдан көрінді. Алдағы оқу жылында 9-сыныпқа баратын шәкірт үшін бұл аз олжа емес.
Иә, «Бұлақ көрсең – көзін аш» – дегендей сөз маржанын терген, жырмен сусындаған Назеркеге болашағың жарқын, оқуда озат, қатарыңның алды бол демекпіз.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
12 шілде 2018 ж. 1 554 0