Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақиық ақын атындағы мектептегі «Әдеби vibe»:

Ақиық ақын атындағы мектептегі «Әдеби vibe»:

«AMANAT» партиясы Оқу-ағарту министрлігімен бірге қоғамның әдеби-мәдени дамуына қолдау көрсетіп, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, бүгін «Тоқмағанбетов» бастауыш партия ұйымында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі мен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Әдеби VIBE» кездесу өтті.

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналис­т­ер одағының мүшесі, «Тұран» сыйлығының и­егері Ақтөре Ибрагимұлы арнайы қонақ болып, «Әдеби VIBE» кездесуіне қатысушылармен сыр-сұхбат жүргізді.

Отандық әдебиеттің бүгіні мен болашағы, қаламгерлерді қолдау бағытындағы бас­тамалар, елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар мен жоспарлар, сондай-ақ Сыр өңіріндегі әдеби ортаның қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы айтылды. Оқушылар түрлі бағытта сұрақтар қойып, қызықты әрі мотивациялық ұсыныс-пікірлер айтылып, патриоттық өлеңдер оқылды.

– Асқар ақын атын иеленген мектептің «Әдеби VIBE» кездесуін өткізу бастамасын қолдаймын. Бұл мектепте біздің партияластарымыз бар, сіздер де болашақта елдің дам­уына үлес қосатын озық ойлы жас­тарсыздар. Біздің жастарға арналған жобаларымыз көп. Жастар саясатын қолдау – мемлекеттің де, партияның да ортақ ұстанымы. Өздеріңізбен жүздесіп, еркін форматта отандық әдебиеттің бүгіні мен болашағы, қаламгерлерді қолдау бағытындағы бастамалар туралы әңгімелескеніме қуаныштымын. Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар мен жоспарлар бізді біріктіреді деп сенемін. Сыр өңіріндегі әдеби ортаның қалыптасуы мен дамуына, кітап оқитын ұлт болуға бірге үлес қосайық, – деді А.Ибрагимұлы.

Іс-шараны жүргізген №135 орта мектеп директоры, «Тоқмағанбетов» бастауыш партия ұйымының төрайымы Зәуре Білісбаева «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында атқарылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар ата-ана, оқушы, мектеп арасындағы байланысты нығайту, тәрбиелік мәні зор іс-шараларды көптеп ұйымдастыру бағытындағы бас­тамалары жөнінде ақпараттар берді.

«Тт» ақпарат

25 сәуір 2026 ж. 91 0