Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Үш тағанды қатар ұстаған ақын

Үш тағанды қатар ұстаған ақын

Аптаның бей­сенбісінде Сырдария ауданына ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Қаршыға Есімсейітова мен ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова арнайы сапармен келді. Сыр өңірінің қос ақын қызын ең алдымен аудан әкімі Берік Сәрменбаев қабылдады.

Әкімдікте жүзеге асқан келелі кез­десуде аудан басшысы қазақ поэ­зиясына өзіндік үнімен, сыршыл сезімімен, терең ойлы лирикасымен келген қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы жақсы пікірлер айтып, еңбектерін жоғары бағалады.

– Халқымызда «Ақын – елдің арда­ғы» деген даналық сөз бар. Сіздер өзін­дік оқырманы қалыптасқан, әдеби ортада құрметке ие ақынсыздар, жур­налистика саласында ұзақ жыл табанды еңбек еткен майталман тұлғасыздар. Аймағымызда Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен мәде­ниет, өнер саласын және әдебиет өкілдерін қолдау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Сол іс-шаралардың көш басында өздеріңіздің жүрулеріңіз – ұрпақтар сабақтастығы. Ақын-жазушыларымыздың қарашаңырағы саналған Жазушылар одағының об­лыстағы филиалына жетекшілік ету – зор құрмет әрі жауапкершілігі зор міндет. Біз Жазушылар одағының бас­­тамаларын қолдаймыз, бұл ба­ғыт­та ауданымызда әдеби-мәдени, рухани-танымдық іс-шаралар мен кез­десулер тұрақты түрде өткізіліп ке­леді. Игі іс-шараларды алдағы уа­қытта да жалғастыратын боламыз, – деді аудан әкімі.

Кездесуде өңірдің әдеби-мәдени саласындағы жаңалықтар мен жетіс­тіктер туралы айтылып, қалам­гер­­лер өз естеліктерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын ортаға салды. Өз кезегінде Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрайымы, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Қаршыға Есім­сейітова аудан басшысына «Шешім ІІІ» кітабын сыйға тартты. Ал ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының иегері Қатира Жәленова шығармашыл тұлғаларға қолдау көр­сетіп келе жатқан аудан әкіміне шынайы ризашылығын білдірді.

17 қаңтар 2026 ж. 390 0