Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент тұрғындарымен кездесті

Кент тұрғындарымен кездесті

Бүгін Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Алмас Есназар Тереңөзек кент клубында кент тұрғындарымен кездесті. Кездесуге бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен кент тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында ең алдымен «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлуалды бағдарламасының орындалуы туралы айтылды. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар қоғамдық қабылдау өткізу мен қабылдау барысында келіп түсетін мәселелер жөнінде және талап-тілектердің орындалуы жөнінде айтып өтті.

– Жеке қабылдауға келушілердің мәселесі жан-жақты зерттеліп, тиісті бөлім, мекеме басшыларына тапсырма беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Партиямен бірлесе өткізген әр қабылдауда жеке және заңды тұлғалар тарапынан көтерілген әр сұрақ, әр өтініш пен әр ұсыныс назардан тыс қалмайды. Қабылдауда көбіне жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер көтеріледі. Олар біздің жіті бақылауымызда, түбегейлі шешіліп, орындалғанға дейін жұмыс істейміз, – деді аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар.

Кездесу барысында қатысушылардың да сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірі тыңдалды.

23 сәуір 2026 ж. 54 0