«О.Әбілпаттаев» бастауыш партия ұйымында есеп беру кездесу өткізді
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы депутаттық Фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы, Сырдария аудандық мәслихатының депутаты А.Есназар «О.Әбілпаттаев» бастауыш партия ұйымында есеп беру кездесуін өткізді.Кездесуде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы, депутаттық сауалдардың орындалуы және партия алаңындағы өткізілген қоғамдық қабылдаулар туралы айтылды.
Сондай-ақ партиялық жобаларды іске асыру, оның ішінде «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.
– «AMANAT» партиясының Жарғысы, Тұжырымдамасы және сайлауалды бағдарламасы аясында бүгінде ауданымызда нақты жұмыстар қолға алынған. Партия халыққа берген уәделерін орындау мақсатында кешенді іс-шаралар атқаруда. Ал, партиялық жобаларды жүзеге асыру жергілікті бюджет, нысаналы трансферт және демеушілер есебінен қаржыландырылуда. Ауданымызда «AMANAT» партиясынан ұсынылып, сайланған 2 облыстық және 11 аудандық мәслихат депутаты бар. Облыстық мәслихат депутаттарының қабылдауы аудандық партия филиалында тұрақты түрде өткізіліп келеді, – деді А.Ибрагимұлы.
Кездесуде қатысушылардың да сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірі тыңдалды. Жиын соңында Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы депутаттық Фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының есігі әрбір тұрғын үшін ашық екенін айтып, бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен бірлесе атқарылатын жоспарлар туралы да кеңінен айтып өтті.










