Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есеп беру кездесуін өткізді

Есеп беру кездесуін өткізді

Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Болатбек Ұлтанбекұлы "Құндызды" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және Тереңөзек кенті тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде мәслихат депутаты «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы айтып өтті.

Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты кездесуде партиялық жобалар аясында, оның ішінде бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе өткізілген және өткізілетін іс-шаралардың орындалуы, партия алаңында өткізілген қоғамдық қабылдаулардағы мәселелер мен оның шешімдері, депутаттық сауалдардың орындалуына тоқталды.

– Партия алаңындағы қоғамдық қабылдауға келушілердің мәселесі жан-жақты зерттеліп, тиісті бөлім, мекеме басшыларына тапсырма беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Партиямен бірлесе өткізген әр қабылдауда жеке және заңды тұлғалар тарапынан көтерілген әр сұрақ, әр өтініш пен әр ұсыныс назардан тыс қалмайды. Сонымен қоса ауданымызда партиялық жобалар аясында да ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, нақты жұмыстар атқарылуда, – деді аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Болатбек Ұлтанбекұлы.

Кездесу барысында кездесуге қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауабын алды. Жиынға қатысушылар «AMANAT» партиясының бастамаларына, депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі.

23 сәуір 2026 ж. 51 0