Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәслихат депутаттары кездесу өткізді

Мәслихат депутаттары кездесу өткізді

Сырдария аудандық мәслихатының депутаттары Ақтөре Ибрагимұлы мен Марат Бакуов Қалжан ахун ауылының тұрғындарымен, мемлекеттік қызмет, білім, мәдениет саласының өкілдері кездесу өткізді. Кездесуде депутаттар «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлуалды бағдарламасының орындалуы туралы айтты.

Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы депутаттық Фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы «AMANAT» партиясынан ұсынылып, аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған депутаттардың басты міндеті, ол – халықтың өзекті мәселелерін шешуге атсалысу, яғни депутаттық сауалдар мен ұсыныстар енгізу екенін айтты.

– «AMANAT» партиясынан ұсынылып, аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған депутаттар сауал жолдап, ұсыныс енгізіп қана қоймайды, олардың шешілуіне атқарушы органмен бірлесе жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысымен «AMANAT» партиясының мүшесі болып табылатын аудандық мәслихат депутаттары тарапынан барлығы 132 депутаттық сауал жолданды. Сауалдардың басым көпшілігі аудан әкіміне және аудан әкімінің орынбасарларына, дербес бөлімдердің басшыларына, кент және ауылдық округі әкімдеріне жолданған. Бүгінде облыс және аудан әкімінің қолдауымен депутаттар жолдаған сауалдардың 73-і толық орындалса, 52-і орындалу үстінде. Ал 7 сауалдың шешілу жолдары қарастырылуда. Айтып өту керек, аудандық мәслихаттың да, партияның аудандық филиалының да тарихында бір жылдың ішінде «AMANAT» партиясының мүшесі болып табылатын аудандық мәслихат депутаттары тарапынан 132 сауал жолданған кез болған жоқ. Фракция мүшелерінің атқарып жатқан жұмысы, депутаттық сауалдарының мазмұны мен сапасы, өзектілігі, оның орындалуы Фракция отырыстарында талқыланып, депутаттардың есебі тыңдалып келеді, – деді А.Ибрагимұлы.

Өз кезегінде Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, Фракция мүшесі Марат Бакуов ауылдың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы басым бағыттар туралы айтты. Сонымен қатар халықтан түскен ұсыныс-пікірлер негізінде жолдаған депутаттық сауалдары мен партиялық жобалар жөнінде ақпарат берді.

Кездесуге қатысушы ауыл тұрғындары «AMANAT» партиясының бастамаларына, депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі.

17 сәуір 2026 ж. 43 0