Архив саласы – мәдениеттің ажырамас бөлігі
Архив саласы – өңірдің өткені мен бүгінін жалғап тұрған алтын көпір іспетті. Архив – тек құжат сақтайтын орын ғана емес, ол – халықтың тарихи жады, ұлттың рухани қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін маңызды мәдени институт ретінде саналады. Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев архив ісі туралы заңға қол қойып, аталған салаға байланысты жетілдіруге тиісті жұмыстарды пысықтап берді. Бүгінде Сырдария аудандық архиві филиалының жұмысы жүйелі жүргізіліп, межелі жоспар өз деңгейінде жүзеге асуда. Аудан архивінің қазіргі жай-күйіне, атқарылған ауқымды жұмыс барысымен танысу мақсатында филиал басшысы Жәнібек Сейіловпен сұхбат құрған едік.– Жәнібек Әлиасқарұлы, өзіңіз жетекшілік ететін Сырдария аудандық архиві филиалы өткен жылы қандай жұмыстар атқарды? Есепті мерзімде жоспар нәтижелі орындалуда ма?
– Архив – қоғамның рухани дамуына қызмет ететін маңызды сала. Ол ұлттық құндылықтарды сақтаумен қатар, тарихи сананы қалыптастырып, ұрпақ сабақтастығын нығайтады. Сырдария ауданының архив саласы да осы бағытта өз міндетін абыроймен атқаруда. Архив – қоғамның рухани дамуына қызмет ететін маңызды сала ретінде бағаланады. Ол ұлттық құндылықтарды сақтаумен қатар, тарихи сананы қалыптастырып, ұрпақ сабақтастығын нығайтады. Сырдария ауданының архив саласы да осы бағытта өз міндетін абыроймен жүзеге асыруда.
Өткен және осы жылдың есепті мерзімінде сала мамандары ҚР Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бағытында қор сақтау қоймаларында күнделікті жинақтау, құжаттар мен сөрелерді шаң-тозаңнан тазарту, ылғалдылық-температуралық режимді бақылауды сапалы орындап келеді. Бұл ретте салалық терминдерді қолдана отырып, жұмыс барысын баяндап кетейін. Құжаттардың физикалық жай-күйін жақсартудың 10 қорынан (Р-55, Р-57, Р-58, Р-59, Р-60, Р-61, Р-63, Р-64, Р-65, Р-66) 500 істің 6000 парағына қайта жөндеу (реставрация) жұмысы жүргізілді. Оның ішінде, аталған қорлардың 400 істің мұқабалары қайта түптеліп, 400 іске шифр басылды. Жазба қағаздары (ярлық) 300 болып орындалды. Өз кезегінде Р-55, Р-57, Р-60 қорлардан мәтіні өшуге айналған 19 істен 35 парақ қайта қалпына келтірілді. Ал Р-48, Р-49, Р-50, Р-51, Р-52, Р-53, Р-54, Р-55, Р-56, Р-57, Р-58, Р-59, Р-60, Р-61, Р-62, Р-63, Р-64, Р-65 қорлардың 410 байламның 10200 іс-құжаты шаң-тозаңнан тазартылды. Құжаттардың толықтығы мен жай-күйі бойынша 3 қордың: Р-49 (Шіркейлі кеңшары), Р-69 (Жамбыл ауылдық кеңесі), Р-9 (астық дайындау мекемесі) 1087 құжаты тексеріліп, 3 акт толтырылды. Есепті мерзімде архив қызметкерлеріне қор сақтау қоймасына 6890 құжат қолға беріліп, қайта орнына қойылды.
2026 жылдың үш айында құжаттардың физикалық жай-күйін жақсартуда 1 қордан (Р-9) 185 істің 1160 парағына қайта жөндеу (реставрация) жұмысы жасалды. Аталған қордағы 100 істің мұқабалары қайта түптеліп, 100 іске шифр басылды. Жазба қағаздары (ярлық) 25 болып орындалды. Бұдан бөлек, Р-4 қордан мәтіні өшуге айналған 4 істен 8 парақ қайта қалпына келтірілсе, Р-66, Р-67, Р-68 қорлардың 140 байламның 1458 іс-құжаты шаң-тозаңнан тазартылды. Құжаттардың толықтығы мен жай-күйі бойынша Р-21 қордың (Шіркейлі ауылдық кеңесінің 635 с.б.) құжаттары тексеріліп, акт толтырылды. Есепті мерзімде архив қызметкерлеріне қор сақтау қоймасынан 1260 құжат қолға беріліп, қайта орнына қойылды.
– Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архив қорын ведомствалық сақтауды ұйымдастыру мен құжаттауға салааралық басшылық, құжаттардың құндылығын сараптау, толықтыру бағытында қандай жұмыс атқарылуда?
– Сіз айтып отырған бірнеше бағыт бойынша кешенді іс-шара легі жалғасын табуда. Мәселен, 2025 жылдың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 850 құжат қабылдану керек болса, орындалғаны – 527-ні құрады. Оның ішінде, 379-ы басқару, 148-і жеке құрам бойынша, 2-еуі жеке тектік ретінде саналады. Ал 13 сақтау бірлікте 63 құжат, 38 есепке алу, 30 фотоқұжат жатқызылады. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік архивтің жинақтау дереккөзі болып табылатын мекемелер мен ұйымдарда іс-қағаздарды жүргізу, архивтік құжаттарды сақтау жағдайына байланысты сала мамандарына әдістемелік көмек көрсетілді. Осы жылы да құжат қабылдау ісі мерзімді уақытында іске асуда. Ауданға қарасты әр бөлім және меншік түріне қарамастан мекемелер мамандарымен семинар ұйымдастырылады.
– Ғылыми-анықтамалық жүйесін құру, құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау бойынша атқарылған іс-шараларды айтасыз ба?
– Филиал қорында сақтауда тұрған қор істеріндегі мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылғанына 75 жыл және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай мекемелерге ақпараттық хат жолданып, құжаттар жинақталуда. Сыр өңірінен шыққан танымал тұлғалардың шығармашылық және еңбек жолы архив келушілеріне кеңінен насихатталуда. Биыл аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің құрылғанына 20 жыл, «Шапағат-Лимитед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанына 25 жыл толып отырғанын да айта кетейін. «Сыр ағашымен сырласқан шебер», «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңістің майдангерлері – архив қорында», «Сырдарияның сыршыл ақыны», «Мәңгілік ел құндылықтары – архив қорында», «Латын қарпіндегі көне құжаттар» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылды. Сан түрлі тақырыпта кездесу кеші өткізіліп, архив саласының ел үшін маңыздылығы кеңінен дәріптелуде.
– Құжаттарды автоматтандырылған жүйеге енгізу негізінде жоспарлы межеге тоқталып өтсеңіз...
– «Электронды архив» бағдарламасы арқылы архивтік құжаттарды цифрлық форматқа Р-55, Р-57, Р-58, Р-59, Р-60, Р-61, Р-63, Р-64, Р-65, Р-66 қорлардағы 1814 істің 142350 парағы енгізілді. «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне Р-6, Р-12, Р-55, Р-57, Р-59, Р-60 қордағы 609 істің 63128 парағы орналастырылды. Бұл бағытта осы жылы да сала мамандары сапалы жұмыс жүргізуде.
– Кадрлардың біліктілігі қалай арттырылып келеді?
– Архив қызметкерлерінің еңбегі – аса жауапты әрі тиянақтылықты қажет ететін жұмыс. Олар құжаттарды жинақтап, жүйелеп қана қоймай, олардың сақталуын қамтамасыз етеді, ғылыми айналымға енгізіп, зерттеушілер мен тұрғындарға қолжетімді етеді. Бұл ретте архив мамандарының кәсіби біліктілігі мен ұқыптылығы ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда цифрландыру үдерісіне байланысты архив қызметкерлеріне ақпараттық технологияларды меңгеру талабы да артып отыр. Осы бағытта арнайы оқыту жұмыстары жүргізіліп, электронды құжат айналымы, деректер базасын қалыптастыру, цифрлық архив жүйесімен жұмыс істеу дағдылары жетілдірілуде. Жас мамандарды қолдау мен олардың кәсіби қалыптасуына жағдай жасау да назардан тыс қалмайды. Тәжірибелі қызметкерлер тарапынан тәлімгерлік көрсетіліп, жұмыс барысында бағыт-бағдар беріледі. Бұл – салада білікті әрі бәсекеге қабілетті кадрлар қалыптастырудың тиімді жолы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер секілді сан алуан тақырыпта құқықтық оқытулар жүргізіледі.
Сұхбаттасқан
Балтабай ОРДАБЕКОВ












