Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№99

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Архив – тарих жылнамасының негізі

Архив – тарих жылнамасының негізі

Өткен мен бүгінді жалғап тұратын әрі әлеуметтік, құқықтық маңызы басым архив саласының мамандары осы аптаның сейсенбісінде кәсіби мерекелерін тойлады. Кәсіби мереке аясында аудандық «Руханият орталығында» салтанатты іс-шара өткізілді. Оған аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партия­сы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар, Қызылорда облысының мемлекеттік архиві КММ-ге қарасты Сырдария аудандық архиві филиалының басшысы Жәнібек Сейлов, сала ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Берік Сәрменбаев архив қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

– Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әр ұлттың даму жолын, болмысын, арман-тілегін, ақыл-ойын сақтайтын киелі орын. Бүгінгі таңда елімізде 223 мемлекеттік архив мекемесі бар және онда 3000-нан астам адам жұмыс жасайды. Архив саласын дамытуда Сыр өңірінде үлкен қолдаулар бар. Атап айтқанда, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен барлық ауданда «Руханият» орталықтары салынған болатын, аталған ғимараттардың ішінде аудандық архив орналасқанын атап өткен жөн. Бүгінде аудандық архивте 40 мыңға жуық құжат сақтаулы. Бұл құжаттар аудан тарихынан сыр шертеді. Бұл жұмыстарды архив қызметкерлері атқарып келеді. Сіздердің атқарған әрбір жұмыстарыңыз ауданның тарихы мен дамуы­на қосқан зор үлес деп санаймын және шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Бұл ретте, аудан басшысы архив қызметкерлерінің ұжымдық еңбегін бағалап, «Алғыс хатпен» марапаттады.

Мерекелік қабылдауда мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Алпысбайұлы, сала ардагерлері Ұлмекен Жанәлиева, Рахима Сәметова сөз сөй­леп, мерекелік лебіздерін білдірді.

– Архив саласына басшылыққа келген жылдары сала мамандары азып-тозған мекемеде отырған еді. Аудан халқының барлық құжаты сақталып тұрған архив мекемесінің осындай жағдайда болуына күйзеліспен қарадым. Сол кездегі аудан басшылығынан есік-терезесі аңғал-саңғал бір ғимаратты сұрап алып, өз күшімізбен қайта жөндеуден өткіздік. Әрбір құжатты сұрыптау, талдау, өңдеу арқылы аудан архивін қалыптастыруға үлес қостық. 1988 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан ауданның архив саласында майталман мамандардың ізі жатыр. Құжаттың сақталуына өзіндік үлес қосқан Рахима секілді жандар – бар құрметке лайық. Шаң-тозаңның ортасында жүріп, көптеген адамның құнды құжатын сақтап, күні бүгінге дейін жеткізу – табандылық пен өлшеусіз еңбектің көрінісі деп білемін, – деді сала ардагері Ұлмекен Шанайқызы.

Салтанатты іс-шарада аудан өнерпаздары әннен шашу шашты.

Б.ОРДАБЕКОВ

27 желтоқсан 2025 ж. 22 0