Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасын жоспарлау үшін нестеу керек?

Отбасын жоспарлау үшін нестеу керек?

Отбасын жоспарлау — бұл тек жүктіліктен сақтану емес, сонымен қатар дені сау ұрпақты дүниеге әкелу мен ана денсаулығын сақтаудың саналы жолы.

Негізгі бағыттары:

Босану арасындағы үзіліс (интервал):
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) екі баланың арасында кемінде 2–3 жыл үзіліс жасауға кеңес береді. Бұл уақыт ана организмінің (темір, кальций, дәрумендер қоры) толық қалпына келуі үшін қажет.

Жоспарлаудың тиімді жасы:
Биологиялық тұрғыдан бірінші баланы 20-35 жас аралығында босану ең қауіпсіз болып саналады. 35 жастан кейін генетикалық ауытқулар мен жүктілік кезіндегі асқынулар қаупі артады.

Контрацепция әдістерін таңдау:
Егер жүктілік әзірге жоспарда болмаса, гинекологпен бірге сенімді әдісті (ішілетін таблеткалар, спираль, импланттар немесе барьерлік әдістер) таңдау маңызды. Бұл жасанды түсік (аборт) жасатудың алдын алады.

Генетикалық кеңес:
Егер әулетте тұқым қуалайтын аурулар болса, жүктілікке дейін генетик маманына көрінген абзал.

Психологиялық және қаржылық дайындық:
Баланың келуіне ерлі-зайыптылардың екеуі де дайын болуы, міндеттерді бөлісуі және өмір салтының өзгеруіне бейімделуі.

Бүгінгі күні қолжетімді мүмкіндіктер:
Аудандық емхананың екінші қабатында «Отбасын жоспарлау кабинеті» жұмыс жасайді. МӘМС (ОСМС) жүйесі бойынша көптеген кеңестер мен базалық талдаулар тегін көрсетіледі. Әрбір ұрпақты болу жасындағы әйелдерге отбасын жоспарлау кабинетіне келіп кеңес алуға шақырамын

Лаура ЕСІМ,
әйелдерге кеңес беру бөлімінің аға акушеркасы
09 сәуір 2026 ж. 58 0