Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Экология – қоғамның ең өзекті мәселесі

Экология – қоғамның ең өзекті мәселесі

Экология – әр адамның өзінен басталатын жауапкершілік. Табиғатты қорғау тек заңдар мен зауыттардың міндеті емес, күнделікті әрекетке байланыс­ты. Қоқысты дұрыс тастау, суды үнемдеу, ағаш отырғызу сияқты қарапайым қадамдар үлкен өзгеріске әкеледі. Экологияны сақтау – бұл сана мен мәдениеттің көрсеткіші, әрі болашаққа қамқорлық деп саналады.

Қазіргі таңда экология мәселесі тек бір елдің ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ проблемасына айналып отыр. «Табиғат – тіршіліктің қайнар көзі» дегендей адам өмірі, денсаулығы, болашағы табиғатпен тығыз байланысты болып келеді. Алайда соңғы жылдары адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарауы қоршаған ортаның ластануына, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына алып келді.

Экологиялық мәселелердің ең басты себептерінің бірі – өндірістің қарқынды дамуы. Зауыттар мен фабрикалардан бөлінетін зиянды қалдықтар ауаға таралып, атмосфераны ластауда. Көліктерден шығатын түтін де ауаның сапасын төмендетіп, адамдардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе үлкен қалаларда тұратын адамдар таза ауаның жетіспеушілігін сезінуде.

Сонымен қатар, су ресурстарының ластануы да алаңдатарлық мәселе. Көптеген өзен-көлдер өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың әсері­нен ластанып, ішуге жарамсыз болып барады. Су – тіршіліктің негізі болғандықтан, оның сапасының төмен­деуі адамзат үшін үлкен қауіп. Тағы бір өзекті мәселе – қоқыс пен пластик қалдықтардың көбеюі. Пластик материалдар табиғатта жүздеген жылдар бойы ыдырамайды. Соның салдарынан жер мен су ластанып, жануарлар мен өсімдіктерге зиян келуде. Қоқысты дұрыс сұрыптамау да бұл мәселені ушықтыра түсуде.

Деректерге сүйеніп қарайтын болсақ шет елде экологиялық мәсе­лелермен күресу өте жүйелі және тиімді түрде жүргізілген. Көптеген дамыған елдер табиғатты қорғауға ерекше мән береді. Оларда пластик, қағаз, шыны секілді қоқыстар арнайы контейнерге бөлініп тасталады және Германия мен Швеция елдерінде қалдықтардың басым бөлігі қайта өңдеуге жібереді. Энергия көзі бойынша күн, жел және су энергиясын пайдалану кең таралған. Норвегия мен Дания жел энергиясын тиімді қолданатын елдердің бірі. Көп елдерде электр көліктері мен велосипедтер кеңінен қолданылады. Мысалы, Нидерланды велосипед мәдениетімен әлемге танымал. Табиғатты ластаған адамдар мен кәсіпорындарға үлкен айыппұл салынады. Бұл тәртіпті сақтауға көмектеседі.

Біздің елде де қоқысты қайта өңдеу зауыттары іске қосылып, пластикалық ыдысқа арнайы жәшік қарастырылған. Өзіміздің Қызылорда қаласында шыны зауытының ір­гетасы қаланған болатын.

Экологияның нашарлауы кли­маттың өзгеруіне де әсер етіп жатыр. Соңғы жылдары ауа райының күрт өзгеруі, құрғақшылық, су тасқындары сияқты табиғи апаттар жиілеп кетті. Бұл – табиғаттың адам әрекетіне берген жауабы деуге болады.

Бұл мәселені шешу үшін тек мемлекет емес, әрбір адам жауапкершілік танытуы қажет. Табиғатты қорғау – барлық адамзаттың міндеті. Күн­делікті өмірде қарапайым әдеттерді қалыптастыру маңызды. Қоқысты кез келген жерге тастамау, пластикті аз пайдалану, ағаш отырғызу, суды үнемдеу. Сонымен қатар, эко­логиялық білім мен мәдениетті дамыту да аса маңызды рөл атқарады.

Экология – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да мәселесі. Табиғатты қорғау арқылы біз өз өмірімізді, келер ұрпақтың болашағын сақтаймыз. Әр адам табиғатқа жанашырлықпен қарап, оны қорғауға өз үлесін қосуы тиіс. Себебі таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі.


Ақтоты ТЕМІРХАНҚЫЗЫ
Фото: ашық дереккөз

04 сәуір 2026 ж. 54 0