Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Арқалықта су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Арқалықта су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Қостанай облысының Арқалық қаласында көктемгі жылыну мен қардың еруіне байланысты су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құтқарушылармен және азаматтық қорғау мамандарымен бірлесіп жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.


Қостанайда орналасқан 6697 әскери бөлімінен 70-ке жуық ұландық Арқалыққа арнайы жіберіліп, жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетіп жатыр. Алғашқы күннен бастап олар жүктелген міндеттерді жедел әрі үйлесімді орындауға кіріскен.

Қазіргі уақытта әскери қызметшілер алдын алу шараларының кешенін жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, еріген су жиналуы мүмкін аумақтар тұрақты бақылауға алынып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл жағдайдың күрт өзгеруіне дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Әсіресе, халыққа көмек көрсетуге басымдық берілген. «Новый» ауданында ұландықтар ауланы қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 200-ден астам аула қардан аршылып, жұмыс күшейтілген режимде жалғасқан.

Фото: Ұлттық ұлан

25 наурыз 2026 ж. 472 0