Бірлік пен Ынтымақтың мерекесі
Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні Сырдария ауданында жоғары деңгейде аталып өтілді. Ұлыстың ұлы күні мерекесінде қамбасы астыққа толған аудан жұртшылығы ұлттық нақыштарды барынша насихаттай білді. Ең алдымен, көпшілік «Көрісу күні» мерекесін тойлап, бір-бірімен амандық сұрасты. Зиялы қауым өкілдері бір-бірінің үйіне барып, көрісу амалын жасады. Жастарға ақ батасын берді. Жекелеген мекемелерде «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, көпшілікке шат-шадыман көңіл күй сыйланды. Ауданға қарасты барлық елді мекенде мерекенің мән-мағынасы айшықтала түсті.
Фото: 24.kz










