Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әдемілік пен әсемдіктің символы

Әдемілік пен әсемдіктің символы

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аясында «Руханият орталығында» сан салада қызмет еткен еңбек ардагерлері, түрлі сала мамандары және ақ жаулықты аналармен кездесу өткізіп, құрмет көрсетті. Ізгіліктің мерекесінде зор құрметке бөленген ақ жаулықты аналар – бар құрметке лайық жандар.

Мерекелік қабылдауда аудан бас­шысы Берік Әбдіғаппарұлы жи­налған қауымды мерекемен құт­тық­тап, жылы лебізін білдірді.

– Сіздерді көктем мезгілімен қатар келген Халықаралық әйел­дер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ардақты аналарымыздың мерекесі. Ана­ға деген құрмет – біздің ұлт­тық болмысымызға сіңген асыл қасиет­теріміздің бірі. Бала тәрбиесін ұлт тәрбиесі деп қараған дана халқымыз ұрпақ өсірген аналарымызды ардақтап, аялай білген. Барлық уақытта да ең қымбат ұғымдарды – Отан мен Жерді – Ана атымен байланыстырған. Ел тарихының қай кезеңінде болсын батыр аналардың ерлігі мен өнегелі істері бірлік пен тұрақтылықтың, өрлеу мен өркендеудің басынан табылып келеді. Бүгінде сондай ардақты жандарымыз ортамызда отыр. Еңбек майданында тер төгіп, күріш өсіруден алдына жан салмаған батыр аналарымыз, шопандар, алып техниканы меңгерген нәзік жандылар, ұлағатты ұстаздар мен мәдениет майталмандарының аудан дамуына қосқан үлесі зор. Дана халқымыз «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» дейді. Сондықтан қазақ әйелі – мәңгіліктің, елдіктің, биіктіктің өлшемі. Бұл ретте Мемлекет басшысы «Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер» деп атап көрсетті. Өңірдің дамуында әйел азаматшалардың үлес салмағы басым. Сол себепті де аймағымызда әйел-аналарға ерекше құрмет жасалып, оларға зор қолдау көрсетілуде. Аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығында «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары ашылды. Жақында ғана ауданымызда ұлттық құндылықтар насихатталатын «Руханият орталығы» пайдалануға берілді. Мұнда аналарымыз бен әйелдер кеңесіне, ардагерлеріміз бен жастарға арнайы бөлмелер қарастырылған. Бұл орын ана­ларымыздың өнегесін жастарға наси­хаттайтын іргелі орталыққа ай­налуда. Ауданымыздың дамуына қосқан еңбектеріңіз үшін бар­шаңызға шынайы алғысымды біл­діремін, – деді аудан әкімі.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов сөз сөйлеп, мінбер төрінде отырған ар­дақты жандарға жүрекжарды тілек­­терін жеткізді. Мерекелік қа­был­дауға келген нәзік жан­ды­ларға «Құттықтау хат» пен арнайы сыйлық табысталды. Кездесу барысында аудан өнерпаздары мере­­келік концерттік бағдарлама ұсынды.

Б.ОРДАБЕКОВ
07 наурыз 2026 ж. 73 0