Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үйдегі өрттің шығуына негізгі себеп – немқұрайлылық. Балалардың қолындағы сіріңке өте қауіпті, тұтанған сіріңкені қызық көреді. Апат айтып келмейтіні белгілі. Сапасыз жасалған электр желілерінен де өрт пайда болады. Сұрапыл апатты құбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкеледі.


Көбінесе оттың құрбаны болып өртке себепші өздері болып жатады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр желілерін және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарының бұзылуы, мас күйінде үйде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып жатады. Егер сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе, тез арада электр маманын шақырыңыз.
Есіңізде сақтаңыз!

Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігін сақтаған жөн.


Олар: электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз. Сонымен қатар, уақытша және зақымдалған электр сымдарын пайдаланбай, үлкен көлемді электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеген абзал. Одан бөлек, газдың азайып қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбай, сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаған жөн және балалардың отпен ойнауына жол бермей, оларды қараусыз қалдырмаңыз.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау сіздің өміріңіз бен мүліктің қауіпсіздігіне кепілдік береді!
Есте сақтаңыз! Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары болған жағдайда тез арада «101», «112» нөмірлеріне хабарласу керек. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамауы бойынша әкімшілік жаза көзделген.

Фото: ашық дереккөз
Сырдария аудандық төтенше
жағдайлар бөлімі

11 қазан 2025 ж. 46 0