Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түбегейлі өзгерістер жан-жақты сараланды

Түбегейлі өзгерістер жан-жақты сараланды

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Сырдария ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Кездесуге аумақтық коалиция мүшелері Жұмабек Ембергенов, Алмас Есназар, Ақтөре Ибрагимұлы қатысты. Келелі кездесу барысын­да коалиция мүшелері аудан тұрғындарына жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді кеңінен түсіндірді.

Жалпыұлттық коалициясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа Конс­титуция жобасындағы саяси жаңғырту нормаларын жан-жақты түсіндіріп, реформаның жүйелік сипатына ерекше тоқталды.


– Жаңа редакция 11 бөлім мен 96 баптан тұрады. Бұл – қазіргі заман талаптарына сай әзірленген құжат. Қоғамда қалыптасқан жаңа ұғымдар мен құндылықтар ескерілген. Әсіресе азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесі күшейтілді. Бұл құқықтық қатынастарды әділ әрі нақты реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа жобада Жоғарғы Сот Төрағасы Президент тарапынан алты жылға бір рет қана тағайындалады. Бұл норма бір адамның ұзақ уақыт бойы жоғары лауазымда отыруына жол бермей, жеке мүдде мен ықпал ету мүмкіндігін шектеуге бағытталған. Мұны құқықтық жүйе­нің ашықтығы мен әділдігін күшейтетін ма­ңыз­ды қадам деп бағалауға болады, – деді М.Әбенов.

Өз кезегінде аумақтық коалиция мүшесі Жұмабек Ембергенов қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді бекемдеу – реформалардың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатының қоғам тұрақтылығы мен әділетті дамудың басты кепілі екенін жеткізді.

Кездесу барысында Конституция жобасы­ның артықшылықтары аудан тұрғындарына жан-жақты әрі ашық диалог форматында түсін­дірілді, жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Өз кезегінде Тереңөзек кентінің тұрғындары Жантемір Айсин, Әсия Масилова, Марат Еспенбетов, Нұржан Сейіткәрімұлы сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын ай­тып, жаңа Ата Заң жобасы мен қоғамдық-саяси өзгерістер туралы пікір білдірді.

Ақпараттық жұмыстар барысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов білім саласы өкіл­дерімен де кездесті. Басқосуда білім беру саласына қатысты конституциялық жаңа­шылдықтар жөнінде аумақтық коалиция мүшесі Жанна Сәркеева мен Заманбек Аманбеков пікір білдіріп, жаңа Конституция жобасында сапалы білім алуға тең мүмкіндік беру, білімнің қолжетімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, педагог мәртебесін арттыру мәселелері нақты көрсетілгенін атап өтті.

«Тт» ақпарат

21 ақпан 2026 ж. 33 0