Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елдің құқықтық болашағын айқындайтын маңызды кезең

Елдің құқықтық болашағын айқындайтын маңызды кезең

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде білім саласы өкілдерімен кездесті.

Кездесуге коалиция мүшелері Марат Бакуов, Ақтөре Ибрагимұлы, Жадыра Бағдатқызы, Аружан Мұханбетқали қатысып, сала өкілдеріне жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен оның негізгі бағыттары таныстырылып, қоғамдағы құқықтар мен міндеттерді тең сақтау маңызын атап өтілді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері референдумның ел болашағы үшін маңыздылығы, азаматтық жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және белсенділік мәселелеріне тоқталды.

– Еліміздің басты құжатында білім, ғылым, инновация- ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде қарастырылған. Адами капитал басты орынға қойылды, мемлекеттің байлығы жер қойнауындағы ресурстар емес, білімді жас ұрпақ екені айқындалды. Бұл – Президент қолға алған ауқымды өзгерістердің заңды түйіні, – деді коалиция мүшесі Марат Бакуов.

Өз кезегінде коалиция мүшесі Жадыра Бағдатқызы мемлекет байлығы бүгінде біліммен бағаланатынын, білімді ұрпақ елдің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететінін айтып, жаңа Ата Заң білім мен ғылымды қолдауда маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.

19 ақпан 2026 ж. 310 0