Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Рамазан айымен құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Рамазан айымен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Мың айдан да қадірлі бұл ай – адам баласын сабыр мен шүкірге, мейірім мен кешірімге, жанашырлық пен бауырмалдыққа үндейтін ерекше кезең. Рамазан – рухани тазару мен жаңғырудың, ізгілік пен имандылықтың айы. Әрбір жан өз жүрегіне үңіліп, жасаған амалдарын саралап, жақсылық жасауға ұмтылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту және өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу – аса маңызды міндет. Рамазан айы осы игі мақсаттарға бастайтын тағылымды кезең екені сөзсіз.

Сырдария ауданының жұртшылығы жыл сайын отыз күн ораза ұстап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, әлеуметтік бастамаларды қолдап, бірлік пен татулықтың өнегесін көрсетіп келеді. Бұл айда азаматтарымыз қамкөңіл жандарға қолдау білдіріп, мұқтаждарға көмек беріп, сауапты істерге ұйытқы болады деп сенемін.

Қадірлі жерлестер!
Ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әрбір шаңыраққа амандық, ырыс-несібе, құт-береке тілеймін. Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Қасиетті Рамазан айы баршаңызға мүбәрәк болсын!

19 ақпан 2026 ж. 422 0