Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің Рамазан айымен құттықтауы

Аудан әкімінің Рамазан айымен құттықтауы

Құрметті әлеумет!
Қадірлі ағайын!

Мұсылман әлемінің ең қастерлі мерекесі – қасиетті Рамазан айының келуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын!

Рамазан – береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы. Ораза айы иманымызды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.

Рамазан айының негізгі ерекшелігі – адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, кешірімді болуға, сүйіспеншілікке шақырады. Бiр ай бойы астан ғана емес, жаман әдеттерден аулақ болып, сабыр мен төзімге тәрбиелейді.

Дана халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген сөзінен де татулық, ынтымақ ұғымдарын құрметтеудің үлгісін көреміз. Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – бүкіл әлем халқын алаңдатқан қауіпті індетті жеңу болса, сындарлы кезеңде сыр бермей сабыр сақтап, тиісті барлық шектеу шараларын толық орындауымызды, тәртіпке бағынуымызды талап етеді. Сондықтан қасиетті айда көпшілік жиындарды жасамай, індеттен сақтанғанымыз абзал.
Құрметті жерлестер!

Қасиетті Рамазан айындағы баршаңыздың тілек-ниеттеріңіз қабыл болғай!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, баршаңызға жақсылық тілеймін.

Құрметпен,
Талғат ДҮЙСЕБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
13 сәуір 2021 ж. 634 0