Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірыңғай электрондық кезек талондарын брондау алгоритмі қандай?

Бірыңғай электрондық кезек талондарын брондау алгоритмі қандай?

Брондау жүйесі қызметті алдын ала жоспарлауға, орын мен уақытты тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол тұтынушыға сенімділік беріп, қызмет көрсетуші мекеменің жұмысын оңтайландыруға көмектеседі. Зерттеу нәтижесінде, брондаудың уақыт үнемдеу, кезекті азайту және қызмет сапасын арттырудағы рөлі айқындалған.

«ХҚКО» мобильдік қосымшасы, «eGov mobile» арқылы көрсетілетін қызметті алушы мобиль­дік қосымшаға тіркеліп, баруды жос­парлап отырған филиалды немесе бөлімшесін таңдайды. Қолжетімді уақыт интервалына сәй­кес әрбір адам келетін күні мен уақытты көрсетеді. Брондау талоны туралы растаманы (күнімен және уақытпен) 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы алады.
Egov.kz порталы арқылы көрсетілетін қыз­метті алушы ЭЦҚ немесе басқа да сәйкестендіру дерек­те­рін пайдалана оты­­рып, Egov.kz пор­­­талы сайтына кіре­ді. Кез келген адам жоға­рыда көрсетілген ере­­­жені ұмыт­паған абзал. Себебі мобильдік қосымша мен сайт­қа кіруде ереже ұқ­сас келеді.

Осы ретте Сырдария аудандық фи­лиа­лының директоры Жұмабек Ембергенов алдын ала брондау бойынша қызметтің қалай көр­сетілетінін айтып өтті.

– «Азаматтарға арналған үкімет «Мемле­кеттік корпорациясы» ком­мер­ция­лық емес акционерлік қоға­мы­­ның Қызылорда облысы бойын­ша филиалы 2026 жылдың 20 ақпан мен 30 маусым аралығында алдын ала брондау форматын ен­гізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосады. Сырдария ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімі азаматтарға бірыңғай электрондық кезек талондарын алдын ала брон­дау бойын­ша ғана қызмет көр­сететін болады. Қазіргі уа­қытта заманауи техенологияның тиім­ділігі ар­­ту­да. Аталған жүйенің негізгі жобасын өз тұтынушыларымызға түсіндірудеміз. Сала мамандары үнемі жаңашылдыққа бейім болып, тұрғындардың ақпараттық тұрғыдан қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Алайда, пи­лоттық жоба жүзеге толықтай жүзеге асқан жағдайда тұрғындар үшін қолайсыздық тудырмау үшін барымызды саламыз, – дейді филиал директоры.

Тұрғындарға қолжетімділік – қазіргі қызмет көрсету саласында өте маңызды. Брондау жүйесі тұтынушыға да, қызмет көрсетушіге де тиімді. Сондықтан аудан халқы жаңа жүйенің артықшылығына аса мән беру керек. Алдағы уақытта жаңа жүйе арқылы құжаттарды рәсімдеу мүмкіндігі артады. Алғашқылардың бірі болып брондау жүйесінің ауданда жүзеге асуы – құптарлық жағдай.

Ақтоты ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

17 ақпан 2026 ж. 65 0