Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологиялық тест: Ханзаданың бірін таңдап, болашақ жарыңыздан күтетін қасиеттерді анықтаңыз

Психологиялық тест: Ханзаданың бірін таңдап, болашақ жарыңыздан күтетін қасиеттерді анықтаңыз


1. 
Өз-өзіне ие бола алмайтын, сөзіне толық жауап бере алмайтын ерлерді жиі кездестіреміз. Әдетте, ондай жігіттер өзінің жүрегін емес, эгосын тыңдауға бейім. Жұдырық ала жүгіретін қызуқанды жігіттер өзін баса білуді үйренгені дұрыс. Әркім өз сөзіне ие болса, төбелес, жанжалдың да қажеті болмайды. Бұл әдетті жойып, одан арылмасаңыз, пайдасынан гөрі зиянын көбірек көресіз. Бұл қасиеттен арылу үшін өз-өзіңді тәрбиелеумен қатар сабырлы, байсалды болу керек деп есесптейсіз.

2. 
Нағыз еркек өзінің кемшіліктерін, қателіктерін мойындауға дайын. Өз сезімдерін ашық түрде айта алады. Өзге біреудің кейпіне еніп, басын қатырмайды. Нағыз еркек ұрыс-керіске араласпауға тырысады. Ал жанжалға тап болса, оны тез арада шешудің амалын қарастырады деп сесптейсіз

3.
Мақсат, ұмтылыс, арман. Нағыз ер адамның өмір жолында осы нәрселер басты рөл ойнайды. Өмірде өз орнын табу, махаббатын кезіктіру, мақсатқа жету – нағыз ер адамның ойында болуы керек дүниелер деп сесептейсіз.

4.
Егер ісі оңға баспай, ойдағыдай болмаса, қол қусырып, өмірге ренжуге әдеттенген жігіттер бар. Өз эмоцияларыңызды билей аласыңыз, өзіңіз жайлы жақсы, оң пікір қалыптасатынына сенімді болыңыз. Біз «темекіні қойғым келеді», «балаларыммен қарым-қатынасымды жақсартқым келеді», «әйеліммен бұрынғыдай қарым-қатынаста болғым келеді», «жаңа бизнесті бастағым келеді» деген сияқты сан түрлі арман-тілектерді жиі естиміз. Алайда, бүгін айтылған сөз келесі жылы қайтадан айтылуы ғажап емес. Себебі неде? Адамдарға батылдық жетіспейді. Ер адамдар өзінің табиғатына сәйкес батыл болуы керек. Нәзік жанды ретінде  оның бойынан  дәл осы қасиетті көруді қалайсыз.

"ПТ" топтамасынан 
09 шілде 2018 ж. 2 861 0