Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазушылық – ұлы өнер

Жазушылық – ұлы өнер

«Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық – жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәң­гіліктің біржола мойын­далуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді» дейді Әбіш Кекілбаев.

Десе де жазушылық екінің біріне берілетін оңай қасиет емес. Талап пен талантты ұдайы жетілдіріп, дамытып отыру қажет. Қалам мен қағазды серік еткендіктен, жазу жолына түскісі келетін замандастарға арнап жазба жариялауды жөн санадық. Бұл – Ада Кингтің «Әдеби марафон» конс­пектісінен тікелей аударма. Жаз­ғысы келіп, құнттамай жүрген жан­дарға үлгі болады деп ойлаймыз.

«Жаз! Қандай жағдай болса да жаз! Егер сен кітап жазуға бел байласаң, бір сәтке де тоқтама! Тіпті, не туралы жазарыңды білмей тұрсаң да, жаз! Дүкенге барғаныңды жаз, бүгінгі ауа райын жаз, ойыңа келгеннің бәрін қағазға түсір. Бұл – жазушының шығар­машылық тоқы­раудан сақтайды. Себебі, ере­жеге сай, қозғалыстағы дене қоз­ғалысын жалғастыруға ұмтылады.

Шикі нұсқаны жазу. Ішкі сын­шыңды өшір де, барынша қысқа мер­зімде (мысалы бір айда) басынан соңына дейін алғашқы нұсқаны жазып шық. Ештеңені өшірме, түзетпе, өзгеге көрсетпе. Бұл әзірге кітап емес, шимай дәптер. Әлемдегі кез келген бестселлер осылай басталған.
Редакциялау. Шимай дәптер да­йын болған соң, оны біраз уақытқа ұмыт. Шамамен бір жарым ай. Сосын қайта оралып, қысқаша нұсқасын жаса: әр тарауды қысқаша мазмұнда, кейіпкерлерді, әрекетті, тонусын сипатта. Бұл саған шығарманың жалпы құрылымын көруге көмектеседі. Сосын ішкі сыншыны қосып, асықпай өңдеуді баста. Өшірілген екі сөйлемнен асатын үзінділер үшін бөлек бет аш. Оны «кітаптан алынғандар» деп атауға болады. «Қай кейіпкерлер артық?», «Қай көріністер қажетсіз?», «Образдары толық ашылған ба?» деп өзіңе сұрақ қой. Бұл кезең жарты жылдан бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Бета-оқырман. Міне, енді туын­дыңды басқаға көрсетуге болады. Бірақ бәріне емес. Тек әдебиеттен хабары барларға ғана.
Қысқаша жазушылық қағидалар:

1. Жас айырмашылығы ма­ңызды емес. Жазушы қай жаста бол­са да, әр кезеңнің өз үні бар, әр мәтіннің өз жаны бар.
2. Бос уақыт күтпе. Ең жақсы істі бос уақыты жоқ адам жасайды. «Уақытым жоқ» деген сылтау емес, шабыттың өзі. Уақытың аз болған сайын, кітап тезірек жазылады.
3. Сюжет жол үстінде табылады. Жоспар құрмай-ақ жаз. Кейіпкерлер өздері жол көрсетеді.
4. Жазу – ең қызықты хобби. Жаныңды тазартады, тынықтырады, жан­дандырады. Тіпті Хэмингуэй бол­масаң да, бұрынғыдан бақыттырақ адамға айналасың.
5. Дедлайн – екі жүзді қару. Кейде ол шабыт бермейді, керісінше тұсаулайды. Бірақ кейін ол сенің серігіңе айналады.
6. Аз нәрсе күтсең, нәтиже көп болады. Бірінші кітабыңнан «таң­ға­жайып» күтпе.
7. Күн сайын кешкілік есеп бер. Күніңді пункттермен жазып отыр. Қай іспен уақыт бос кеткенін түсінесің. Сол арқылы жазуға уақыт табасың.
8. Екі күннен артық тоқтама. Жазу бұлшықет сияқты. Үзіліс ұзақ болса, әлсірейді.
9. Қойындәптер мен қалам – қа­р­уың. Ой келе қалса, бірден түртіп ал.
10. Ұзақ дайындық – жал­қау­лықтың айласы. Кітап жазуға дайындық деген ұғым – өз-өзіңді алдау. «Бұл өмірде бір нәрсеге тым ба­йып­ты қарау – ең үлкен қателік».
11. Не ұнайды, не ұнамайды бәрін жаз. Басқа кітаптардағы өзіңе ұнайтын тұстарын өзіңе қос.
12. Басқалардың еңбегін зертте. Негізгі сюжет пен қосалқы желілер қалай тоғысады? Қақтығыс қашан бас­­талады? Қай кезде көрерменге ишара беріледі? Финал қаншалықты болжанды? Осыларды талдай отырып, өз жазуыңның құрылысын жақ­сарта аласың.
13. Қорқыныш, жиіркеніш, ішкі ауыртпалық – сенің алтын кенішіңдей тақырыптарың. Тізімін жасап көр. Қай­сысы ең қатты әсер етсе, соны романға енгіз.
14. Жалбыз – жазушының одақ­тасы. Наса зерттеулерінде дәлел­ден­гендей, жалбыз иісі сергектікті отыз пайызға арттырып, шаршауды 15 па­йызға азайтады.»


Аударған
А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

14 ақпан 2026 ж. 39 0