Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сталкингті Тоқтат»

«Сталкингті Тоқтат»

ҚР Конституциясының 18-бабының 1 тармағында Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар, деп көрсетілген.

Дегенмен, қазіргі таңда адамның жеке өміріне қол сұғып, оны аңдып, қудалап, интернет кеңістігінде түрлі тәсілдермен назар аударып, оған қатысты қандай да бір әрекеттер жасау дерегі көбейіп келеді. Бұл дегеніміз – сталкинг.

Сталкинг – бұл адамның жүйелі түрде қудалауға ұшырауы. Ол әртүрлі әрекеттер арқылы көрініс табуы мүмкін: қоңыраулар, әлеуметтік желілерде аңду, қорқыту немесе интернеттегі шамадан тыс аудару. Бұл жай ғана оғаш немесе ыңғайсыз әрекет емес. Мұндай әрекеттерге қайта-қайта хабарласу, әлеуметтік желілерде бақылау, үйі мен жұмыс орнының маңында жүру, қажетсіз сыйлықтар жіберу немесе қорқыту хабарламалары жатады. Сталкинг көбіне жәбірленушінің келісімінсіз және оның еркіндігіне қарсы жатады. Сталкинг – бұл үлкен қауіп.

Сталкингтің бірнеше түрлері болады. Онлайн сталкинг (киберсталкинг) аңду, жалған ақпараттар арқылы жазу, жеке мәліметтерді тарату болса, оффлайн сталкинг – үйінің, жұмыс орнының маңында жиі пайда болу, арнынан еріп жүру. Психологиялық қысым – қорқыту манипуляция, үздіксіз бақылау сезімін тудыру.

Сталкинг жасаған адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бөлігімен қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ол үшін екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Егер де сіз өзіңізге қатысты аңду, қудалауға тап болсаңыз полиция органдарына хабарласып көмек сұрай аласыз.
Әйгерім КОШТАЕВА
Отбасылық тұрмыстық
зорлық-зомбылыққа
қарсы күрес тобының
аға инспекторы
полиция капитаны
Фото: ашық дереккөз
11 ақпан 2026 ж. 44 0